04.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» жаңа капитаны белгілі болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» жаңа капитаны белгілі болды

4 қыркүйек күні Астанада өткен жаңа маусым алдындағы баспасөз жиынында хоккей клубы «Барыс» жаңа капитанын таныстырды, деп хабарлайды Sport Pulse.

Жаңа маусымда команда капитаны болып Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Савицкий тағайындалды. Ол маусым алдындағы барлық ойындарда капитандық міндетін атқарған болатын.

Клуб жиында маусымға арналған негізгі мақсаттарын да жариялады — «Барыс» плей-офф кезеңіне шығуды көздеп отыр.

Сонымен қатар, бас бапкер Михаил Кравец журналистердің «сұлтандар» мен Қазақстан құрамасын қатар баптау мүмкіндігіне қатысты сұрағына жауап берді.