27.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» Уфаның «Салават Юлаевын» овертаймда жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» Уфаның «Салават Юлаевын» овертаймда жеңді

Магнитогорскіде өтіп жатқан Иван Ромазанов мемориалында астаналық «Барыс» овертаймда «Салават Юлаевты» 4:3 есебімен тізе бүктірді. Жеңіс шайбасын Дінмұхамед Қайыржан соқты.

Есептің өрбуі:
1-период — 1:1, 2-период — 2:1, 3-период — 0:1, ОТ — 1:0.

  • 0:1 Корбит (Хмелевский, Федотов), 10:46 — сандық басымдықта

  • 1:1 Майк Веккьоне (Оразов), 11:20

  • 2:1 Әлихан Әсетов (Шайхмедденов), 21:37

  • 3:1 Әлихан Әсетов (Шайхмедденов, Бекетаев), 31:20

  • 3:2 Алалыкин (Родуолд, Пименов), 34:05 — сандық басымдықта

  • 3:3 Хмелевский (Кузнецов, Стюарт), 50:01 — сандық басымдықта

  • 4:3 Дінмұхамед Қайыржан (Галимов), 60:46 — овертайм

Қақпашылар: Шутов — Вязовой.

«Барыстың» гол авторлары: Майк Веккьоне, Әлихан Асетов (дубль), Дінмұхамед Қайыржан (жеңіс шайбасы).

Келесі матч: 29 тамыз, 19:00 — «Барыс» Магнитогорскінің «Металургімен» кездеседі. Кеше астаналықтар «Металургке» 1:2 есебімен есе жіберген еді.