11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» ҰХЛ-да өнер көрсететін қақпашымен келісімшарт жасауға жақын

«Барыс» ҰХЛ-да өнер көрсететін қақпашымен келісімшарт жасауға жақын

Астаналық «Барыс» плей-офф ҰХЛ финалисі жүйесіндегі қақпашымен келісімшарт жасауға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Транфсеры КХЛ телеграм арнасының мәліметінше, «Барыс» 25 жастағы канадалық қақпашы Ольвье Родригпен келісімге келуді көздеп отыр.

Өткен маусымда қақпашы ҰХЛ-дағы «Эдмонтон Ойлерз» сапында екі матчқа қатысып, сондай-ақ 2024/2025 жылғы плей-офф финалисінің фарм-клубында АХЛ-да 42 ойын өткізген.