08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» үш тәжірибелі шабуылшымен келіссөздер жүргізуде

«Барыс» үш тәжірибелі шабуылшымен келіссөздер жүргізуде

Shaiba.kz мәліметінше, «Барыс» хоккей клубы үш шабуылшымен — Роман Старченкомен, Кирилл Савицкиймен және Кирилл Панюковпен келісімшарт жасасу туралы келіссөздер жүргізуде.

Өткен маусымда үшеуі де астаналық клуб сапында өнер көрсетті — тәжірибелі Старченко 27 ойында 12 ұпай жинады, Савицкий 45 кездесуде 14 ұпайға қол жеткізді, ал Панюков тұрақты чемпионаттың 58 ойынында 12 нәтижелі ұпай еншіледі.

Қазіргі уақытта хоккейшілердің ешқайсысы Континенталды хоккей лигасының ресми ауысу кестесінде астаналық клуб ойыншысы ретінде көрсетілмеген.