25.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» түлегі канадалық клубқа жеңіске жетуге көмектесті

«Барыс» түлегі канадалық клубқа жеңіске жетуге көмектесті

Онтарио хоккей лигасының (OHL) тұрақты чемпионатында «Уинсор Спитфайрз» пен «Гелф Шторм» командалары арасында матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Шайба.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде «Спитфайрз» командасы 5:1 есебімен жеңіске жетті. «Уинсор» командасының қазақстандық шабуылшысы Бексултан Макыш ойында екі нәтижелі пас берді.