09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» тартысты ойында жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» тартысты ойында жеңіске жетті

«Барыс» ҚХЛ маусымының екінші турында өз үйінде «Амурды» қабылдап, тартысты ойында жеңіске жетті.

Алғаш болып қонақтар сапынан Ли мен Дубакин көзге түсіп, есепті 0:2-ге жеткізді. Дегенмен екінші кезеңнің екінші жартысында астаналықтар қайсар мінез танытып, Уолш, Савицкий және Галимов соққан шайбалардың арқасында алға шықты – 3:2.

Үшінші кезең басында «Амурдың» хоккейшісі Петков таразы басын теңестірді. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталып, овертаймда да жеңімпаз анықталмады.

Буллит сериясында шешуші соққыны Константин Савицкий салып, «Барысқа» маңызды жеңіс сыйлады – 4:3.

Осылайша елордалық клуб 11 ойынға созылған «Амурдан» жеңілісті серияны тоқтатты. Және екі команда арасындағы кездесуде жеңістер саны бойынша басым түсті 28-27.