11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» тәжірибелі шабуылшысымен келісімшартын ұзартты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» тәжірибелі шабуылшысымен келісімшартын ұзартты

«Барыс» тәжірибелі шабуылшы Роман Старченкомен бір жылдық, 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген біржақты келісімшартқа қол қойды.

Қазақ хоккейшісі клуб сапында 17-ші маусымын өткізеді. Старченко – КХЛ тарихында бір команда құрамында ең көп матч өткізген ойыншы (810) және Лигадағы 800 ойыннан асқан санаулы спортшылардың бірі.

Өткен маусымның тұрақты чемпионатында капитан 27 ойында 12 (4+8) ұпай жинады. Қазір ол «Барыс» тарихындағы екінші үздік сұрмерген саналады – оның еншісінде 211 шайба бар.