18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» сырт алаңдағы алғашқы ойынын бастайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» сырт алаңдағы алғашқы ойынын бастайды

Астаналық «Барыс» КХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы алғашқы сырт алаңдағы сапарына аттанды. Команда үш қаланы қамтитын сапар жасайды: Магнитогорск – Череповец – Минск.

Бүгін, 18 қыркүйекте елордалық клуб алғашқы матчын өткізеді. Қарсылас – Магнитогорскінің «Металлургі». Кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Екі команда бұған дейін 73 рет жолыққан. Соның 24-інде «Барыс» жеңіске жетсе, қалғанында «Металлург» үстем түскен. Соңғы бес ойында қазақстандық ұжым үш рет қарсыласына есе жіберді.

Клуб сапарға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады.

Қақпашылар: Джохар Дударкиев, Артём Шестаков, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Адиль Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр, Артём Королёв, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Кирилл Никитин, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.
Шабуылшылар: Алихан Асетов, Майкл Веккьоне, Владимир Волков, Эмиль Галимов, Динмухамед Кайыржан, Вячеслав Колесников, Мэйсон Морелли, Батырлан Муратов, Максим Мухаметов, Иван Николишин, Алихан Омирбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Ансар Шайхмедденов.

Жарақат себептерімен сапарға шықпай қалғандар қатарында Никита Бояркин, Тамирлан Гайтамиров, Роман Старченко және Тайс Томпсон бар.

Алдағы ойындар кестесі (Астана уақытымен):

  • 18 қыркүйек, 19:00 – «Металлург» (Магнитогорск) – «Барыс»

  • 20 қыркүйек, 19:00 – «Северсталь» (Череповец) – «Барыс»

  • 22 қыркүйек, 21:10 – «Динамо» (Минск) – «Барыс»

«Барыс» сапарды жеңіспен бастауға ниетті. Команда соңғы төрт ойында үш рет жеңіске жетіп, жақсы қарқын алған.