17.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» сырт алаңда «Сібірден» жеңілді»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

ҚХЛ тұрақты маусымының матчында «Барыс» сырт алаңда «Сібірге» 2:3 есебімен жол берді.

Ойындағы алғашқы шайбаны Ғалым Мамбеталиевтің шәкірттері соқты. Дінмұхамед Қайыржан есеп ашқанымен, бірінші кезеңде айдын иелері үш шайбамен жауап қатты: Энди Эндреофф, Павел Гоголев және Никита Коротков мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңде Бейбарыс Оразов есеп айырмасын қысқартты, алайда үшінші кезеңде командалар гол соға алмады.

Матч нәтижесі:

«Сібір» 3:2 «Барыс»

0:1 – Дінмұхамед Қайыржан

1:1 – Энди Эндреофф

2:1 – Павел Гоголев

3:1 – Никита Коротков

3:2 – Бейбарыс Оразов

«Барыстың» тұрақты маусымда екі ойыны қалды.