01.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» спорт мектебінің директоры Руслан Мәмбетәлиев қызметінен кетеді

«Барыс» спорт мектебінің директоры Руслан Мәмбетәлиев қызметінен кетеді

«Головой об лед» ақпараты бойынша, «Барыс» бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиевтің ұлы — Руслан Мәмбетәлиев клубтың балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының қызметінен кетеді.

Мәмбетәлиев басшылық қызметке өткен жылы клубтың бұрынғы бас директоры Нұрлан Оразбаев кезінде тағайындалған — алайда жаңа басшы Сәкен Мұсайбековтің келуімен ұйым құрылымында елеулі өзгерістер күтілуде.

Оразбаев пен Мұсайбеков құрған басқарушылар командаларының Қазақстандағы хоккейді дамыту туралы көзқарастары түбегейлі өзгеше және олар бірге жұмыс істей алмайды — бұл факт!

Жақын арада «Барыс» БЖСМ-не жаңа басшы тағайындалады.