20.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» «Северстальдан» жеңілді

«Барыс» «Северстальдан» жеңілді

ҚХЛ аясында «Северсталь» мен «Барыс» командалары кездесті, — деп хабарлайды Sport-pulse.kz тілшісі.

Маңызды ойын алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Астаналықтар сапынан Мэйсон Морелли, Владимир Волков гол соқты. Алайда бұл голдар «Барыстың» жеңісі үшін жеткіліксіз болды. Осылайша «Барыс» 3:2 есебімен жеңіліс тапты.

Айта кетейік, «Барыстың» келесі ойыны «Динамо» Минск командасына қарсы өтеді.