29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» сапына шабуылшы қосылды

«Барыс» сапына шабуылшы қосылды

Елордалық «Барыс» сапына Қазақстан құрамасының шабуылшысы Вячеслав Колесников қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» шабуылшы Вячеслав Колесниковпен сынамалық келісімшарт жасасты. Келісім 2025 жылдың 31 тамызына дейін есептелген», – делінген клубтың ресми сайтында.

Айта кетейік, «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты қорытындысы бойынша Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 12-орынға ие болды. Команда 68 матчтың 54-жеңіліп, 35 ұпай жинады.