25.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Барыс Ромазан мемориалына қатысатын құрамын жариялады

Барыс Ромазан мемориалына қатысатын құрамын жариялады

Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, Барыс хоккей клубы 26-29 тамыз аралығында өтетін Иван Ромазан мемориалы маусым алды турниріне қатысады.

Команда құрамына үш қақпашы — Жохар Дударкиев, Артем Шестаков және Андрей Шутов енгізілді. Қорғаныс шебінде сынақ келісімшартымен ойнайтын Матвей Решетько қоса сегіз қорғаушы бар.

Шабуыл шебінде 15 шабуылшы бар — олардың ішінде Артур Гросс, Абай Маңғысбаев және Ансар Шайхмедденов сынақ мерзімінде.

Жарақат алған Никита Бояркин, Роман Старченко және Иван Николишин турнирге қатыспайды. Команданың алты легионері — Джейк Масси, Иэн Маккошен, Тайс Томпсон, Оливье Родриг, Мэйсон Морелли және Райли Уолш — құжаттарды рәсімдеуге байланысты ойнамайды.

Астана командасының ойын кестесі:
* 26 тамыз, 15:00 — Магниткаға қарсы
* 27 тамыз, 15:00 — Салават Юлаевқа қарсы
* 29 тамыз, 19:00 — Металлургке қарсы