29.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» ресейлік хоккейші Иван Николишинмен келісімшартты бұзды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» ресейлік хоккейші Иван Николишинмен келісімшартты бұзды

Елордалық «Барыс» хоккей клубы ресейлік шабуылшы Иван Николишинмен келісімшарттың екі тараптың келісімі бойынша бұзылғанын хабарлады, деп мәлімдеді команданың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Николишин ҚХЛ-дың бас тарту рәсімінен өткен болатын. 48 сағат ішінде хоккейшіні ешбір клуб өз қатарына қабылдамағандықтан, ҚХЛ Құқықтық регламентіне сәйкес ол «Барыстың» фарм-командасы саналатын «Номадқа» жіберілді.

Иван Николишин 1996 жылы дүниеге келген. Ол елордалық клуб сапына 2023 жылдың қазан айында қосылған еді. Хоккейшінің келісімшарты 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген болатын.

Карьерасында Николишин Құрлықтық хоккей лигасында «Северсталь», «Куньлунь», «Амур» және «Авангард» командаларының намысын қорғады. Барлығы 300-ге жуық матч өткізіп, тұрақты чемпионаттар мен плей-офф кезеңдерінде тұрақты түрде нәтижелі ойынымен көзге түсті.

Өткен маусымда ол «Авангард» сапында 65 ойында 25 (10+15) ұпай жинап, Гагарин Кубогының 12 матчында тағы 3 (2+1) ұпай еншілеген. Биылғы маусымда «Барыс» құрамында 11 ойынға қатысып, бір нәтижелі пас берген.