20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» Қирилл Савицкиймен біржақты келісімшарт жасасты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» Қирилл Савицкиймен біржақты келісімшарт жасасты

«Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Қирилл Савицкиймен біржақты келісімшартқа қол қойды. Келісім мерзімі – бір маусым, 2026 жылдың 31 мамырына дейін.

Савицкий соңғы бес жылда ҚХЛ-де «Барыс» сапында өнер көрсетіп келеді. Өткен тұрақты маусымда ол 45 матчта 14 (6+8) ұпай жинап, мұз айдынында орта есеппен 14 минут 20 секунд өткізді.