28.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» президенті: «Келесі маусымда басқа команданы көресіздер»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» хоккей клубының президенті Нұрлан Оразбаев 2024/25 жылғы маусымға қорытынды жасап, команданың алдағы жоспары туралы айтты.

Маусымның негізгі нәтижелері:
– Жаңа команда жасақталды.
– ҚХЛ-да 16 қазақстандық хоккейші дебют жасады.
– Қазақстанда 39 хоккей мектебі жұмыс істейді.

Келесі маусымға жоспар:
– Шетелдік ойыншылар шақырылмайды, клубтың қаржылық мүмкіндігі жоқ.
– Ресейлік хоккейшілермен келісімшарттар ұзартылмайды.
– Жастарға көбірек мүмкіндік беріледі.

«Маған сеніңіздер, бізде бәрі жақсы болады. Келесі маусымда басқа «Барысты» көресіздер. Біз дайындықты 1 сәуірден бастаймыз», – деді Оразбаев.

Айта кетейік, елордалық клуб биылғы маусымды Шығыс конференциясында 35 ұпаймен соңғы орында аяқтады.