25.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» пен «Ақбарс» дербиі Астанада өтеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» пен «Ақбарс» дербиі Астанада өтеді

25 қыркүйек күні Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» өз үйінде Қазанның «Ақбарсын» қабылдайды. Кездесу «Барыс Аренада» сағат 19:30-да басталады.

Қазіргі таңда «Барыс» жеті матчта үш жеңіске жетіп, жеті ұпаймен Шығыс конференциясында 8-орында тұр. Астаналық клуб сырт алаңдағы соңғы үш ойында жеңіліп, Минскінің «Динамосымен» өткен тартысты кездесуде овертаймда есе жіберіп, бір ғана ұпай еншілеген.

Қазандық «Ақбарс» та жеті ойында жеті ұпай жинап, Шығыс конференциясында 10-орында орналасқан. Соңғы турда команда «Авангардтан» ірі есеппен ұтылып қалды.

Астанадағы бұл матч қос ұжым үшін де маңызды болмақ. Жанкүйерлер «Барыс Аренада» тартысты да эмоцияға толы дерби куәсі атанбақ.