30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» Оттаваның канадалық шабуылшысын қосады

«Барыс» Оттаваның канадалық шабуылшысын қосады

«Штаб хоккеиста» мәліметі бойынша, астаналық «Барыс» НХЛ-дің «Оттава Сенаторз» клубы жүйесінен канадалық шабуылшы Тристен Робинспен келісімшарт жасасуға жақын.

24 жастағы орталық шабуылшы өткен маусымда АХЛ-дағы «Бельвиль Сенаторс» сапында өнер көрсетті — ол 56 ойында 24 ұпай (8 гол және 16 пас) жинады.

Робинстің ауысуы «Барыстың» бапкерлер құрамындағы соңғы өзгерістер аясында орын алуда — Ғалым Мамбеталиевтің кетуінен кейін бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы болып ресейлік маман Евгений Королев тағайындалды.

Айта кетейік, өткен тұрақты біріншілік қорытындысы бойынша астаналық клуб Шығыс конференциясында 12-ші орынға табан тіреді — команда 68 кездесуде 54 рет жеңіліс тауып, 35 ұпай жинады.