06.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» негізгі қақпашысы Андрей Шутов маусымды аяқтай алмайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» хоккей клубының негізгі қақпашысы Андрей Шутов жарақатына байланысты маусымның қалған бөлігінде ойнай алмайды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Андрей Шутов жақын арада жарақат алған ойыншылар тізіміне енгізіледі және команданың тұрақты чемпионаттағы қалған матчтарын ойнай алмайды», — делінген астаналық клубтың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін ұзақ уақытқа Қазақстан құрамасының тағы бір қақпашысы Никита Бояркин жарақат алған болатын.

Айта кетейік, 6 наурызда «Барыс» өз алаңында Новосібірдің «Сибирь» командасын қабылдайды. Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады.