22.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» Минскіде «Динамомен» кездеседі

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» Минскіде «Динамомен» кездеседі

«Барыс» бүгін, 22 қыркүйекте, ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясындағы сырт алаңдағы ойындар сериясындағы үшінші кездесуін өткізеді. Елордалық команда Минскте жергілікті «Динамомен» кезедседі.

Алғашқы ойын Астанада өтіп, онда «Барыс» 1:3 есебімен қарсыласына жол берген еді.

Қазіргі таңда «Динамо» 5 матчта 6 ұпай жинап, Батыс конференциясында жетінші орында келеді. Ал «Барыс» 6 ойында 6 ұпай еншілеп, Шығыс конференциясында сегізінші сатыда тұр.

Кездесу Астана уақытымен 21:10-да басталады.