26.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Барыс – Металлург Мг: аутсайдерге жеңіске жетуге мүмкіндік бар ма? спорт журналисі Аслан Қаженовтың пікірі

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

26 ақпанда ҚХЛ-дің тұрақты чемпионатында «Барыс» Магнитогорскінің «Металлургіне» қарсы сырт алаңда ойнап, жеңілістер сериясын тоқтатуға тырысады.

Бұл кездесудің алдында «Металлург» 74 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап келеді, ал «Барыстың» еншісінде бар болғаны 29 ұпай бар. Екі клуб та 58 ойын өткізген. Соңғы кездесуде «Барыс» «Адмиралдан» (2:4) есе жіберіп, жеңілістер сериясын сегізге жеткізді. Ал «Металлург» «Северстальды» (4:1) сенімді түрде жеңіп, соңғы бес кездесудің төртеуінде басымдық танытты.

«Барыс» маусым фавориттерінің біріне лайықты қарсылық көрсете ала ма? Әлде «Металлург» хоккейшілері өз деңгейлерін тағы бір мәрте дәлелдей ме? Sport Pulse порталына белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов алдағы ойынға қатысы пікірін айтты:

«Магнитагорскінің «Металлургі» – әлдеқайда жоғары деңгейдегі команда, әрі бұл жолы өз айдынында ойнайды. Сондықтан алаң иелері айқын басымдық көрсетіп, «Барыс» тағы да жеңілуі мүмкін деп болжауға болады.

Дегенмен, «Барыс» жанкүйерлері команданың үлкен өзгерістерді бастан өткеріп жатқанын түсінуі керек. Көп жылдар бойы басшылық еткен бас директор Борис Иванищев қызметінен кетті, оның орнына Нұрлан Оразбаев келді. Ал бас бапкер Вячеслав Буцаевтың орнын Ғалым Мәмбеталиев басты. Сонымен қатар, бұл маусымда команда легионерлермен қош айтысты.

«Барысқа» қарағанда Әлемдік додаларда ел намысын қорғайтын ұлттық құрамамыз күшейіп келеді. Қалай болғанда да өзіміздің жігіттерді қолдау керек»