04.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» маусым алдындағы басты міндеттерін жариялады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» маусым алдындағы басты міндеттерін жариялады

4 қыркүйекте КХЛ маусымы басталар алдындағы баспасөз мәслихатында «Барыс» клубы алдағы маусымдағы негізгі мақсаттарын атады, деп хабарлайды Sport Pulse.

Клубтың бас директоры Сәкен Мусайбеков команда алдында үш маңызды міндет тұрғанын жеткізді:

«Біздің басты мақсатымыз – КХЛ плей-оффына шығу, біртұтас әрі мықты ұжым қалыптастыру және жанкүйерлерді қайтадан трибунаға қайтару. Команда ішіндегі атмосфераны түбегейлі өзгертуіміз қажет», – деді Мусайбеков.

Сонымен қатар ол «Барыс» жаңа бас демеуші тапқанын айтты. Дәл осы қаржы есебінен клуб легионерлерді қатарға қосты. Демеушінің аты кейінірек жарияланбақ.

Жаңа маусымда астаналық ұжымның тізгінін ресейлік маман Михаил Кравец ұстайды.