06.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» маусымның соңына дейін үш бірдей қақпашысынан айырылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» маусымның соңына дейін үш бірдей қақпашысынан айырылды
«Ладамен» өткен матчта крест тәрізді байлам жарақатын алған Никита Бояркин Германияда ота жасатты.

Андрей Шутов та маусым соңына дейін алаңға шықпайды. Сонымен қатар, Юхан Маттссон жарақат алып, жаттығу жасай алмайды.

«Сібірге» қарсы ойында қақпаны 20 жастағы Артём Шестаков қорғады. Оның соққыларды қайтару пайызы – 96.9, сенімділік көрсеткіші – 1.0.

Дереккөз: Shaiba.kz