07.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» КХЛ жаңа маусымын «Трактормен» үйде бастайды

«Барыс» КХЛ жаңа маусымын «Трактормен» үйде бастайды

Астаналық «Барыс» Континенталды хоккей лигасының жаңа маусымына дайындалуда — команда алғашқы ойынын челябілік «Трактормен» 7 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 16:30-да өткізеді.

Тұрақты чемпионат басталар алдында астаналық клуб табысты маусым алды дайындығын өткізді — команда новосібірлік «Сібірден» 3:1 және 3:2 есебімен екі рет жеңіске жетті.

Челябі командасы жаңа маусымды бастап үлгерді — алғашқы ойында «Трактор» ярославльдік «Локомотивтен» буллиттер сериясында 1:2 есебімен жеңілді.

Айта кетерлігі, өткен маусымда командалар мүлдем қарама-қарсы нәтижелер көрсетті — «Барыс» өз тарихында алғаш рет лигада соңғы орын алса, «Трактор» Гагарин Кубогының финалына дейін жетіп, онда «Локомотивтен» сериядағы есеп 1-4 болып жеңілді.