09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» КХЛ маусымының екінші матчын «Амурмен» Астанада өткізеді

«Барыс» КХЛ маусымының екінші матчын «Амурмен» Астанада өткізеді

Бүгін Астана уақыты бойынша 19:00-де КХЛ тұрақты чемпионатының матчы өтеді — елорда «Барысы» хабаровтық «Амурды» қабылдайды.

Екі команда да жаңа маусымды сәтті бастады — Ансар Шайхмедденов, Кирилл Савицкий, Тайс Томпсон және Райли Уолш «Барысқа» овертаймда «Трактордан» 4:3 есебімен жеңіс әкелсе, «Амур» сырт алаңда «Сібірді» Сергей Дубакин мен Олег Лидің шайбаларының арқасында 2:0 есебімен жеңді.

1XBET букмекерлік компаниясының бағалауы бойынша, астаналық клуб алдағы қарсыластықта шамалы басымдыққа ие.