23.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» ҚХЛ маусымын аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы маусымын 22 наурызда өз алаңында «Салават Юлаевқа» 1:4 есебімен жеңіліп, қорытындылады. Бұл ойында команда сапынан Аслан Жүсіпбеков өз дебюттік голын соқты.

Маусым қорытындысы бойынша «Барыс» 68 ойын өткізіп, 14 рет жеңіске жетіп, 54 кездесуде қарсыластарына жол берді. Нәтижесінде, команда Шығыс конференциясында соңғы орын алып, плей-офф кезеңіне өте алмады.

Команданың ең үздік сұрмергені Антон Бурдасов болды. Ол 53 матчта 12 шайба соқты. Ал үздік пас беруші ретінде 14 нәтижелі паспен Әділ Бекетаев тіркелді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!