25.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» кезекті жеңісіне қол жеткізді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» кезекті жеңісіне қол жеткізді

Астанада Континенталды хоккей лигасының кезекті матчы өтіп, жергілікті «Барыс» командасы өз алаңында хабаровскілік «Амурды» 3:1 есебімен сенімді жеңді.

Бірінші минуттардан-ақ алаң иелері ойын тізгінін өз қолына алды. 15-минутта есепті Джейк Масси ашты — оған голдық пас бергендер Дінмұхамед Қайыржан мен Тайс Томпсон. Екінші кезеңде Алихан Өмірбеков басымды арттырса, көп ұзамай Тайс Томпсон есепті 3:0-ге жеткізді.

Үшінші шайбадан кейін «Амур» қақпашысын ауыстырды — Максим Дорожконың орнына Дамир Шаймарданов шықты. Бірақ бұл өзгеріс нәтижеге әсер етпеді. Қонақтар тек үшінші кезеңнің соңында Кирилл Петьковтың голымен есепті қысқартты.

Қақпада керемет ойын көрсеткен Адам Шил қарсыластың бірнеше қауіпті соққысын сәтті қайтарды.

Матч қорытындысы — 3:1, «Барыстың» пайдасына.