20.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» кезекті ірі жеңіліске ұшырады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» ағымдағы маусымда 53-ші рет жеңілді. Бүгін өз алаңында «Ак Барспен» кездесіп, ойсырай ұтылды – команда өз қақпасына жауапсыз сегіз шайба жіберіп алды.

Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері қатарынан үшінші ойында жеңіліп, осы кездесулерде 16 шайба өткізіп үлгерді.

Алдағы соңғы матчында «Барыс» «Салават Юлаевпен» кездеседі. Айта кетейік, елордалық команда биыл да плей-офф кезеңіне өте алмайтыны ерте белгілі болды. Сондықтан 2024/2025 маусымындағы соңғы ойыны 22 наурызда «Барыс Аренада» өтеді.