20.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» қатарынан 11-ші матчта жеңілді

IMG 9059

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында астаналық «Барыс» кезекті рет жеңілді. Бұл жолы өз айдынында «Локомотивті» (Ярославль) қабылдаған Мәмбетәлиев шәкірттері өз қақпасына жауапсыз 3 шайба жіберді. Бұл туралы Бірінші бол жазды.

Матчтың бірінші және үшінші периодтарында командалар мүлдем гол соға алған жоқ. Тек екінші кезеңде «Локомотив» сапынан Радулов екі рет және Фрэз бір рет көзге түсіп, ойын тағдырын шешіп тастады.

Өз дивизионында соңғы орында келе жатқан «Барыс» қатарынан 11-матчта жеңіліп отыр. Келесі ойынды елордалық команда 23 қаңтарда өз айдынында «Адмиралға» қарсы өткізеді.