15.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» канадалық қорғаушымен келісімшарт жасасты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» канадалық қорғаушымен келісімшарт жасасты

Астаналық «Барыс» хоккей клубы канадалық қорғаушы Джейк Массимен біржақты келісімшартқа отырды. Келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

28 жастағы Масси 2015 жылы НХЛ драфтында «Каролина» клубымен таңдалған. Алайда ол өзінің ең сәтті кезеңін «Вашингтон Кэпиталз» жүйесінде өткізді. «Херши Беарс» сапында екі мәрте Калдер кубогын жеңіп алды.

Өткен маусымда хоккейші Американдық хоккей лигасында (АХЛ) 23 ойын өткізіп, екі шайба және екі нәтижелі пасымен көзге түсті.