20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» ХК тағы бір америкалық хоккейшімен келісімшартқа отырды

«Барыс» ХК тағы бір америкалық хоккейшімен келісімшартқа отырды

«Барыс» хоккей клубы америкалық қорғаушы Райли Уолшпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астаналық клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

Америкалық хоккейші кәсіби мансабының барлығын Солтүстік Америкада өткізген. Өткен маусымда ҰХЛ-дың «Лос-Анджелес Кингз» клубының фарм-командасы – «Онтарио Рейн» сапында ойын көрсетті. Хоккейші 72 кездесуде 32 (6+26) ұпай жинады. Жалпы, АХЛ-де 317 матч өткізіп, нәтижесінде 168 (42+126) ұпай еншілеген.

Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық клубпен АҚШ хоккейшілеріі Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, канадалық Джейк Масси, ресейлік Юрий Паутов, Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кириллом Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченкомен келісімшартқа қол қойды.

Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда алғашқы үш ойынды елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.

Өткен маусымда елордалық ұжым Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.