07.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» Гагарин кубогының финалисін жеңді

«Барыс» Гагарин кубогының финалисін жеңді

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында өз мұз айдынында челябілік «Тракторды» тізе бүктірді.

Маусымдағы алғашқы матч «Барыс Аренада» өтіп, қосымша уақытта алаң иелерінің 4:3 есебімен жеңісімен аяқталды.

Жеңімпаздар сапында Ансар Шайхмедденов, Кирилл Савицкий, Тайс Томпсон және Райли Уолш голдың авторы атанды.

Ал челябілік клубтан Джошуа Ливо, Михаил Горюнов-Рольгизер және Пьеррик Дюбе шайба соқты.

Маусымдағы алғашқы жеңіс астаналықтарға екі ұпай алып, Шығыс конференциясында екінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.