28.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» буллит сериясында «Ладаны» жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Shaiba.kz сайтының хабарлауынша, Астананың «Барысы» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда «Ладаға» қарсы ойнап, буллит сериясында жеңіске жетті. Бұл нәтиже команда үшін аса маңызды болды, себебі «Барыс» тоғыз матчқа созылған сәтсіздік сериясын осылайша тоқтатты.

Кездесудің есебін 9-минутта Михайлов ашты, алайда бір минуттан кейін Панюков жауап голын соқты. Екінші кезеңде есеп өзгермесе де, үшінші кезеңде Старченко «Барысты» алға шығарды. Алайда ойын соңына қарай Волков таразы басын теңестіріп, матчты овертаймға жеткізді.

Қосымша уақыттан кейін жеңімпаз буллит сериясында анықталды. Мұнда «Барыс» қорғаушысы Бекетаев шешуші соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады.

«Лада» (Тольятти) – «Барыс» (Астана) – 2:3 Б

(1:1, 0:0, 1:1, 0:0, 0:1)

Голдар:

1:0 – Михайлов (Сёмин, Неколенко) – 09:12

1:1 – Панюков (Николишин) – 10:30

1:2 – Старченко – 54:10

2:2 – Волков (Фисенко, Кугрышев) – 58:21

2:3 – Бекетаев – 65:00 (буллит)

Қақпашылар: Трушков («Лада») – Шутов («Барыс»)