Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» бас директоры маусым қорытындысын жариялады

«Барыс» бас директоры маусым қорытындысын жариялады

«Барыс» клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев БАҚ өкілдерімен кездесуде аяқталған маусымның қорытындысын шығарды.

«Жақсы, өте маңызды маусым өткіздік — жаңа команда қалыптасты. Біздің тәрбиеленушілерді ойнату басты міндет болды. КХЛ-да 16 ойыншымыз дебют жасады, олардың қатарында ұлттық және жастар құрамасының мүшелері бар. Сонымен қатар, 14 хоккейшіні фарм-клубқа жібердік, оның жетеуі 2007 жылы туған», — деді клуб басшысы.

Оразбаевтың айтуынша, командада жағымды микроклимат қалыптасқан — ойыншылар бір-бірін қолдайды және кінәліні іздемейді. Нәтижелерге қарамастан, клуб мамандардың, жаттықтырушылардың және ата-аналардың назарын аударуда.

«Өкінішке орай, КХЛ-дың көптеген клубтарында осындай мәселе бар — нәтиже қуып, жергілікті тәрбиеленушілер аз ойнайды. «Челябіде» де, «Омбыда» да тұтас академия бар, бірақ онда да өз ойыншылары аз», — деп атап өтті бас директор.