21.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» бапкері «Ақ Барсқа» ірі есеппен жеңілу себебін түсіндірді

Shaiba.kz хабарлағандай, Континентальдік хоккей лигасының кезекті матчында астаналық «Барыс» қазандық «Ақ Барстан» ойсырай жеңілді — кездесу 0:8 есебімен аяқталды.

Астана клубының бас бапкері Ғалым Мамбеталиев команданың сәтсіз өнер көрсетуінің себептерін түсіндірді.

«Бүгін бізге барлығы сәтсіз болды. Басында бір-екі гол дейін тұрақты болдық. Ойыншыларға ‘Ақ Барс’ сияқты командамен ойында қорғанысты жақсы ойнап, толық күш салу керектігін ескерткенбіз. Қақпашыға көмектесе алмадық. Түсініксіз себептермен мұндай мәжбүрсіз қателіктер орын алды. Ең қызығы, мұндай қателіктерді жібермеуі тиіс ойыншылар жаңылысты. Мүмкін сапардан әлі толық қалпына келмеген шығармыз. Талдап көреміз», — деді «Барыс» бапкері.