Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» 0:3 есебімен камбэк жасап, «Адмиралды» буллиттерде жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» 0:3 есебімен камбэк жасап, «Адмиралды» буллиттерде жеңді

Владивостоктағы «Фетисов-Арена» стадионында «Континентальды хоккей лигасының» тұрақты чемпионаты аясында «Адмирал» мен «Барыс» арасындағы кезекті матч өтті. Кездесу қазақстандық команданың буллиттер сериясындағы 5:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Матчтың үшінші минутында есепті «Адмирал» қорғаушысы Либор Шулак ашты, оған Дмитрий Завгородний мен Аркадий Шестаков ассистенттік етті. Бірнеше минуттан кейін Джек Родевальд гол соғып, алаң иелері есептегі басымдығын екі шайбаға жеткізді. Екінші кезеңнің басында Павел Шэн есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші кезеңнің ортасында Алихан Өмірбеков пен Даниил Гутик өзара гол алмасты. Ал үшінші кезеңде Семён Симонов пен Михаил Рахманов «Барыстың» есеп айырмасын барынша қысқартты. Ойын аяқталуға 37 секунд қалғанда Әділ Бекетаев таразы басын теңестіріп, матчты овертаймға жеткізді. Қосымша уақытта гол соғылған жоқ, ал буллит сериясында жеңісті қонақтар тойлады.

Осылайша, «Барыс» биылғы маусымда «Адмиралдан» бір матчта басым түсті.