16.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Барселоналық Педри қарсылас алаңындағы пастар бойынша үздік атанды

Барселоналық Педри қарсылас алаңындағы пастар бойынша үздік атанды

Халықаралық спорт зерттеулері орталығы соңғы жарты жылдағы футболшылардың қарсылас алаңындағы пас беру тиімділігін талдап шықты — «Барселона» жартылай қорғаушысы Педри 100 ұпаймен бірінші орынға ие болды.

Зерттеуде Еуропаның үздік клубтарының ойыншылары ерекше аталып өтті, олардың арасында ПСЖ мен Барселона өкілдері көзге түсті. Париж клубының ойыншысы Витинья 96,8 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, «Бавария» футболшысы Йозуа Киммих 95,8 көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеді.

Пас беру дәлдігі бойынша үздік 15 ойыншы тізімі:

  • Педри («Барселона») – 100
  • Витинья («ПСЖ») – 96,8
  • Йозуа Киммих («Бавария») – 95,8
  • Френки де Йонг («Барселона») – 95,2
  • Ашраф Хакими («ПСЖ») – 94,8
  • Федерико Вальверде («Реал») – 94,2
  • Фабиан Руис («ПСЖ») – 94
  • Конрад Лаймер («Бавария») – 93,3
  • Лука Модрич («Милан») – 91,8
  • Александар Павлович («Бавария») – 91,5
  • Нуну Мендеш («ПСЖ») – 91,3
  • Николо Барелла («Интер») – 91,1
  • Жоау Невеш («ПСЖ») – 90,9
  • Энцо Барренечеа («Бенфика») – 90,6
  • Йошко Гвардиол («Манчестер Сити») – 90,3