Оқу уақыты: 2 мин

«Барселонаға сенемін, ал «ПСЖ» Реалдың қателігін қайталамауы керек» — Самат Смақов Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчтары туралы

«Барселонаға сенемін, ал «ПСЖ» Реалдың қателігін қайталамауы керек» — Самат Смақов Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчтары туралы

Мамырдың 6-нан 7-не қараған түні Миланда Чемпиондар лигасының жартылай финалының қарымта кездесуі өтеді. «Интер» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды. Ойынның басталуы – Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де.

Ал бір тәуліктен кейін — мамырдың 7-нен 8-не қараған түні — дәл осы уақытта Парижде «ПСЖ» мен Лондонның «Арсеналы» кездеседі.

Алғашқы жартылай финалда каталондықтар ойынның соңына жақын қалғанда жеңілістен аман қалды — 3:3, осылайша «Интер» «Олимпикте» басымдықты қолдан жіберіп алды. Ал Лондонда Усман Дембеленің соққан голының арқасында «ПСЖ» аяқдопшылары «Арсеналды» тізе бүктірді.

Sport Pulse порталына Талдықорғанның «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов алдағы жауапты мачтарға қатысты пікір айтты:

Интер – Барселона

— «Интерге» қарсы сырт алаңда «Барселонаның» жеңіске жету мүмкіндігі бар ма?

— Бірінші матч тартысқа толы болды. «Интер» аяқдопшылары «Барселонаны» еш қиындықсыз жарыс жолынан шығарып тастай алатынын көрсетті. Ойын енді Миланда өтетінін ескерсек, алдағы кездесу де өте қызықты әрі қиын болатыны анық. «Интер» өз алаңында өте сенімді ойнайды. Бірақ мен «Барселонаның» жанкүйері ретінде, әрине, бұл команданың жеңісіне сенемін. Каталондықтар басымдық таныта алады деп ойлаймын, дегенмен нақты есепті болжау қиын.

ПСЖ – Арсенал

— «ПСЖ» Лондонда «Арсеналды» жеңді. Париждегі қарымта кездесуден не күтуге болады?

— «Арсенал» — жас әрі келешегі зор команда. Бірақ бірінші ойында «ПСЖ»-ның қаншалықты тәжірибелі әрі сабырлы екенін байқадық. Әсіресе, турнирдің осындай шешуші кезеңдерінде бұл маңызды. Егер париждіктер «Реалдың» қателігін жібермей, қарсыласқа дұрыс бағасын беріп, ойнаса, айтарлықтай қиындық көрмейді. Меніңше, «ПСЖ» келесі кезеңге өтеді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!