23.09.2024
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барселонада » шұғыл жиналыс: клуб қақпашы қарастыруда

ESPN ақпаратына сәйкес, «Барселона» басшылығы осы аптада жарақат алған қақпашы Марк-Андре тер Штегеннің жағдайына байланысты шұғыл жиналыс өткізуді жоспарлап отыр.

32 жастағы неміс қақпашысы «Барселонаның» Ла Лигадағы «Вильярреалға» қарсы 5-1 есебімен аяқталған жексенбілік матчта оң тізесіндегі пателла сіңірінің толық жыртылуына ұшырады. Дүйсенбіде тер Штегенге ота жасалуы тиіс, ал дереккөздердің айтуынша, ол маусымның соңына дейін алаңға шықпауы мүмкін.

Бас жаттықтырушы Ханси Флик, спорт директоры Деку және клубтың басқа да лауазымды тұлғалары жағдайды талқылап, әрі қарай не істеу керектігі жайлы шешім қабылдау үшін жиналады. Олардың бірнеше нұсқалары бар: Иньяки Пеньямен жалғастыру, академия тәрбиеленушісімен бәсекелесу үшін еркін агентке қол қою немесе қаңтар айында ашылатын трансферлік терезеге дейін күту.

Ла Лига ережелеріне сәйкес, «Барселонаға» тер Штегеннің ұзақ мерзімді жарақатына байланысты трансферлік терезеден тыс еркін агентке қол қоюға рұқсат етіледі. Лига белгілеген шығындар шегінен асып кеткеніне қарамастан, клуб тер Штегеннің жалақысының 80%-ына дейін инвестициялай алады.

Қол жетімді қақпашылардың арасында еркін агенттер Кейлор Навас, Лорис Кариус және «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Джорди Масип бар.

Әзірге Иньяки Пенья сәрсенбіде «Хетафеге» қарсы матчтан бастап негізгі қақпашы болмақ. 25 жастағы Пенья 2012 жылдан бері клубта және 2022 жылы «Галатасарайда» жалға алған кезінде өзін жақсы қырынан көрсетті.

«Барселонаның» үшінші қақпашысы — 20 жастағы Андер Астралага, ал 18 жастағы американдық Диего Кочен бірінші командамен үнемі жаттығуда, бірақ қазір жарақат алған.

«Барселона» Ла Лигадағы жеңіс сериясын жалғастырып, жаңа маусымның басында алты матчта алты жеңіске жетті.