07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барселонада» алауыздық: Тер Штеген капитандықтан айырылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барселонада» алауыздық: Тер Штеген капитандықтан айырылды

Каталониялық «Барселона» клубы ресми түрде неміс қақпашысы Марк-Андре тер Штегеннен капитандық міндетті алғанын хабарлады.

Команда мен ойыншы арасындағы келіспеушіліктер салдарынан басшылық осындай шешім қабылдаған. Енді негізгі капитан рөлін уақытша уругвайлық қорғаушы Рональд Араухо атқарады.

Айта кетейік, бұған дейін Тер Штеген жарақатына байланысты Ла Лигаға жаңа қақпашы тіркеуге мүмкіндік беретін медициналық анықтамаға қол қоюдан бас тартқан болатын. Бұл жағдай басшылық пен ойыншы арасындағы қарым-қатынасты ушықтырғаны белгілі.