17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Барселона Жапония мен Оңтүстік Кореяда өтетін жолдастық кездесулерін жариялады

Барселона Жапония мен Оңтүстік Кореяда өтетін жолдастық кездесулерін жариялады

«Барселонаның» ресми сайтының хабарлауынша, каталон клубы алты жылдан бері алғаш рет маусым алдындағы Азия турына шығады.

Азия турі 24 шілдеде басталады — команда екі елде үш жолдастық матч өткізеді. Жапонияда «Барселона» «Виссел Кобемен» кездессе, Оңтүстік Кореяда «Сеул» және «Тэгумен» ойнайды.

Каталон клубы үшін бұл Азия аймағына алтыншы сапары — соңғы рет команда 2019 жылы келген болатын.