01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» ұпай жоғалтты

Леганес Барселона

Мадридтік «Райо Вальекано» мен «Барселона» кездескен Ла Лиганың 3-ші турындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Валлекас стадионында (Мадрид) өтті. Матео Бускетс Феррер (Пальма де Майорка) матчтың бас төрешісі қызметін атқарды.

Ламин Ямал 40-минутта пенальтиді орындап, каталондықтарды алға шығарды. Қарымта голды 67-минутта Фран Перес соқты.

Осы ойыннан кейін жеті ұпаймен «Блауграна» Ла Лига турнирлік кестесінде төртінші орында, төрт ұпайы бар «аралар» 10-орында.

Келесі турда «Райо Вальекано» сырт алаңда «Осасунамен» ойнаса, «Барселона» өз алаңында «Валенсияны» қабылдайды. Екі кездесу де 14 қыркүйекте өтеді.