Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» треблге таласып жатыр, ал «Интер» сүрініп келеді – футбол блогері ЧЛ жартылай финалы туралы

«Барселона» треблге таласып жатыр, ал «Интер» сүрініп келеді – футбол блогері ЧЛ жартылай финалы туралы

30 сәуірден 1 мамырға қараған түні «Барселона» мен «Интер» арасындағы Чемпиондар лигасы жартылай финалының бірінші кездесуі өтеді.

Ширек финалда «Барса» дортмундтық «Боруссияны» екі матч қорытындысы бойынша 5:3 есебімен жеңді. Ал «Интер» мюнхендік «Бавариядан» айласын асырды – 4:3.

Футбол блогері Жәрдем Ирғалиев Sport Pulse порталына алдағы ойынға қатысты пікір айтты:

— Жуырда мадридтік «Реалды» 3:2 есебімен жеңіп, Испания Кубогын иеленгеннен кейін «Барселона» ерекше шабытқа ие болғаны анық. Каталондықтар ұзақ уақыттан кейін алғаш рет алтын треблге үміткер.

Ал «Интер» керісінше, соңғы үш матчта қатарынан жеңіліп қалды. Жалпы статистикаға көз жүгіртсек, миландықтар соңғы он ойында тек төрт рет жеңіске жеткен.

Ханси Фликтің шәкірттері өз алаңында жеңіске жетуге тырысуы керек, өйткені Миланда өтетін қарымта матч оңай болмайды. Қазіргі екі команданың ойын қарқынын ескерсек, алғашқы жартылай финалда «Барселона» жеңіске жетеді деп ойлаймын.

Матч туралы негізгі ақпарат:

Күні: 1 мамыр

Басталу уақыты: 00:00 (тікелей эфир — 23:50-де басталады)

Стадион: «Льюис Компанис атындағы Олимпиадалық стадион», Барселона

Төреші: Клеман Тюрпен (Франция)

Көрсетілім: Qazsport телеарнасы

Басты сурет: Getty Images

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!