05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» Тер Штегенге қатысты санкциялар қолдануы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барселона» Тер Штегенге қатысты санкциялар қолдануы мүмкін

«Барселона» клубы неміс қақпашысы Марк-Андре тер Штегеннің әрекетіне байланысты ішкі тәртіптік шаралар қабылдауға дайын. Бұл туралы Mundo Deportivo хабарлады.

Клуб Ла Лигаға ұсыну үшін тер Штегеннің жарақатын ұзақ мерзімді деп танитын ресми медициналық қорытынды дайындаған. Бұл құжатқа қол қойылған жағдайда, «Барса» оны уақытша ауыстыратын қақпашы — жазда «Эспаньолдан» келген Жоан Гарсияны тіркей алар еді. Алайда 33 жастағы тер Штеген бұл құжатқа қол қоюдан бас тартты.

Еске салайық, тер Штеген 2025 жылдың мамыр айында арқа сүйегіне ота жасатып, сол уақыттан бері қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр. Егер оның жазылып кету мерзімі төрт айдан асып кетсе, Ла Лига регламентіне сәйкес клуб оны уақытша ауыстыратын ойыншыны тіркеуге құқылы.

Қақпашының бұл шешімі клуб ішінде түсініспеушілік туғызып, «Барселона» оған қатысты санкциялар қолдану мүмкіндігін қарастыруда.