29.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Барселона Сосьедадты жеңіп, Ла Лиганың көш басына шықты

Барселона Сосьедадты жеңіп, Ла Лиганың көш басына шықты

Ханси Флик жаттықтыратын Барселона Ла Лиганың жетінші турында Сосьедадты 2:1 есебімен жеңді.

Каталондық клуб Реалдың сәтсіздігін пайдаланды — мадридтіктер Атлетикодан 2:5 есебімен ойсырай жеңілді. Осы матчтардан кейін Барселона 19 ұпаймен турнир кестесінің басына шықты, Реалдан бір ұпай алда тұр.

Көшбасшылар тобында сондай-ақ:

  • Вильярреал — 16 ұпай
  • Эльче — 13 ұпай
  • Атлетико — 12 ұпай