Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» – «Реал» матчынан тарихи табыс: 13,5 миллион еуро

«Барселона» – «Реал» матчынан тарихи табыс: 13,5 миллион еуро

Diario Sport мәліметінше, «Барселона» Ла Лиганың 35-турындағы «Реалға» қарсы матчта рекордтық қаржылық көрсеткішке қол жеткізді — клуб 13,5 миллион еуро табыс тапқан. Бұл «Олимпик Льюис Компанис» стадионына көшкелі бергі ең жоғары сома.

Каталондықтар бұл ойында 4:3 есебімен жеңіске жетті. Матчты 50 319 жанкүйер тамашалады — бұл уақытша аренаның да жаңа көрермен рекорды.

Бұған дейінгі көрсеткіштер:
– «Интерге» қарсы: 50 314 көрермен
– «Баварияға» қарсы: 50 312 көрермен