17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» президенті Каталония тәуелсіздігі туымен суретке түсуден бас тартты

«Барселона» президенті Каталония тәуелсіздігі туымен суретке түсуден бас тартты

La Razon мәліметінше, «Барселона» футбол клубының президенті Жоан Лапорта мерекелік іс-шара кезінде Каталонияның тәуелсіздік қозғалысының туымен суретке түсуден бас тартты.

Өткен демалыста каталон клубының жанкүйерлері Монсеррат тауындағы Әулие Мария монастырына ауқымды жорық ұйымдастырды – шара «Барселонаның» 125 жылдығына арналды. Marxa Culer қатысушыларының жартысынан көбі 47 шақырым қашықтықты жүріп өтті.

Фотосессия кезінде Лапорта Эстеладаны әдейі бүктеп, тәуелсіздік жақтаушыларының туын Каталонияның ресми туынан ерекшелейтін жұлдызды жасырды. Клуб президентінің бұл әрекеті әлеуметтік желілердегі жанкүйерлер арасында наразылық толқынын тудырды.