06.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Барселона Ориоль Ромеумен келісімшартты бұзды

Барселона Ориоль Ромеумен келісімшартты бұзды

Каталон гранды жартылай қорғаушы Ориоль Ромеумен өзара келісім бойынша келісімшартты бұзғанын жариялады, деп хабарлайды «Барселонаның» ресми сайты.

Өз мәлімдемесінде «блауграна» футболшыға алғыс білдірді — клуб оның кәсіби көзқарасын, адалдығы мен өзін аямай жұмыс істегенін ерекше атап өтті.

Өткен маусымда Ромеу «Жирона» құрамында өнер көрсетті — жартылай қорғаушы испандық Ла Лигада 25 матчқа қатысты.