Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» мен «Интер» тең түсті

«Барселона» мен «Интер» тең түсті

Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалдық ойыны «Олимпик Льюис Компанис» стадионында «Барселона» мен «Интер» командалары арасында өтті және 3:3 есебімен тең аяқталды.

Ойынның алғашқы минутында-ақ Маркус Тюрам Дензел Думфрис берген пас арқылы есеп ашты. 21-минутта сол Думфрис есепті 0:2-ге жеткізді. Алайда каталондықтар тез есін жиды: 24-минутта Ламин Ямаль әдемі гол соғып, ал 38-минутта Ферран Торрес есепті теңестірді — 2:2.

Екінші таймда Думфрис дубль жасап, «Интерді» алға шығарды — 2:3. Бірақ араға бір-ақ минут салып, «Барселона» қайта есепті теңестірді: Рафиньяның бұрыштамадан соққысы Яан Зоммердің автоголына әкеліп соқты — 3:3.

Жауапты матч 6 мен 7 мамыр аралығында Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді.