Оқу уақыты: 1 мин

«Барселона» «Манчестер Ситидің» жұлдызын 150 миллион еуроға алмақ

«Барселона» «Манчестер Ситидің» жұлдызын 150 миллион еуроға алмақ

Sport.ua мәліметінше, каталондық «Барселона» «Манчестер Ситиде» ойнайтын норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холандқа қызығушылық танытуда.

Көк-қызыл клуб 24 жастағы бомбардир Роберт Левандовскидің орнын басатын ойыншы ретінде қарастырылуда. Клуб президенті Жоан Лапорта мен спорт-директоры Деку ойыншымен алдын-ала келіссөздер бастап кетті.

Трансфер 2026 жылы жүзеге асуы мүмкін. Футболшының келісім-шартында 150 миллион еуро көлемінде өтемақы сомасы көрсетілген. Биылғы маусымда Холанд тамаша нәтиже көрсетуде: 35 матчта 27 гол соғып, 3 голдық пас берді.

Transfermarkt веб-порталы (футбол статистикасына маманданған) норвегиялықтың нарықтық құнын 200 миллион еуро деп бағалайды.